Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өңір шежіресін өрнектеген басылымға – 30 жыл

Өңір шежіресін өрнектеген басылымға – 30 жыл
Ашық дереккөз
«Уақытпен үндескен сөз шежіресі» атты мерекелік салтанатты кеш Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қабырғасында өтті. Шара Жамбыл–Тараз газетінің 30 жылдық мерейтойына арналды.

1996 жылдың 16 ақпанында жарық көрген алғашқы санынан бастап басылым өңір шежіресін хатқа түсіріп, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Отыз жыл — бір басылым үшін тұтас дәуір. Бұл — елмен бірге есейіп, уақытпен бірге тыныстаған, шындықты серік еткен шежірелі жол.

Кеш барысында газет тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері «30 жыл – 30 белес» атты тарихи шолу ұсынды. Салтанатты жиынға қатысқан ардагер журналистер мен қоғам қайраткерлері құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік кеш ән-күймен әрленген концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерейтой аясында басылымның қалыптасу кезеңдері, тәуелсіздік жылдарындағы рөлі және цифрлы дәуірдегі жаңғыру жолы кеңінен сөз болды. Уақытпен үндескен басылымның тағылымды тарихы мен тағдырлы жолы ұлықталған бұл кеш көпшілік көңілінде жарқын әсер қалдырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар