Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жат ағымның зардабы ауыр болады

Жат ағымның зардабы ауыр болады
Автор
Шу қаласындағы жаңа пайдалану локомотив депосының қызметкерлері арасында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында түсіндіру және алдын алу бағытындағы маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда кеңінен таралып келе жатқан жат діни ағымдардың зиянын түсіндіру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және азаматтардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесуге «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Сагитов, облыс әкімдігі дін мәселелерін зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша арнайы бөлімінің басшысы Мырзабек Смаилов, сондай-ақ Шу қаласы әкім аппаратының бас маманы Ғалия Қақпанбаева қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Іс-шара барысында қоғамда орын алып отырған бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда ұлттық құндылықтардың әлсіреуі, отбасы институтындағы ажырасу деңгейінің артуы, жастардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, дінді бұрмалау арқылы жалған ақпарат таратып, қоғам санасын өзгертуге бағытталған әрекеттердің қауіптілігіне ерекше назар аударылды.

Спикерлер дәстүрлі діннің, оның ішінде қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан рухани құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, жат ағымдардың адам санасына, отбасы бірлігіне және қоғам тұрақтылығына тигізер зияны туралы нақты мысалдар келтірді. Жастарды дұрыс діни түсінікке тәрбиелеу, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және радикалды идеялардан сақтандыру бүгінгі күннің маңызды міндеті екені айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.

Іс-шара соңында пікір алмасып, жат ағымдардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар