Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлауды ұйымдастырудың да өз тәртібі бар

Сайлауды ұйымдастырудың да өз тәртібі бар
Автор
Жуырда Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №26 сайлау учаскесі орналасқан №24 орта мектептің мәжіліс залында «Сайлауды ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинары өтті.

Семинар барысында сайлаушылар тізімі таратылған, яғни дауыс беру күніне 20 күн қалған уақыттан бастап дауыс беру күнін қоса алғандағы аралықтағы жұмыс алгоритмі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Сайлаушылар тізімімен жұмыс, оны нақтылау», «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі» және «Дауыс беру күнгі учаскелік сайлау комиссиясының жұмысы» тақырыптарында қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Асқарбеков түсіндірді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» сөз сөйледі.

Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы У.Байдуанов шақыру қағаздарын тарату және әлеуметтік желілерде («Instagram», «Facebook», «TikTok»), мессенджерлерде («WhatsApp») ақпаратты орналастыру арқылы сайлаушылардың дауыс беретін уақыты мен орнын хабарлау алгоритмі бойынша айтып өтті.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов семинар жұмысын қорытындылай келе, сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиялары мүшелеріне арнап, тақырыптар бойынша «қалта естеліктерін» жасауды ұсынды.

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар