Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі

Қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі
Автор
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Қауіпсіз жол: заң, тәртіп және мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тараз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының рота командирі, полиция капитаны Абзал Құрманов, сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері және басқа да мәдениет мекемелерінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында полиция капитаны жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамаларға тоқталып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі тең дәрежеде екенін атап өтті.

– Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі заңды білмеуден емес, ережеге немқұрайды қараудан туындайды. Жол қозғалысы ережесі – тек жүргізушіге арналған талаптар жиынтығы емес. Жаяу жүргінші де – жол қозғалысының толыққанды қатысушысы. Көліктің алдын кесіп өту, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, телефонға алаңдау – адамның өз өміріне төнген қауіп. Заң бәріне ортақ, ал қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі, – деді Абзал Нұрланұлы.

Кездесу қорытындысында заң мен мәдениеттің өзара сабақтастығы қоғамдағы қауіпсіздіктің берік негізі екенін орталық директорының орынбасары Мадияр Ералыұлы атап өтіп, осындай мазмұндағы бірлескен іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін айтты.

Назым Қожамар,

Шерхан Мұртаза атындағы

руханият және тарихтану орталығының

«Дәстүр және өнер» бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар