Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлік топтар ұсталды

Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлік топтар ұсталды
ІІМ
Қазақстанның екі өңірінде ақбөкендерді заңсыз аулаумен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болды.

2025 жылғы 29 тамызда Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкен дериваттарын өткізу мақсатында заңсыз аулаумен айналысқан үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Тексеру барысында күдіктілерден жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілердің байланыстарын анықтау барысында өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара маңында браконьерлердің екінші тобы қолға түсті. Екі адамнан құралған бұл топтың бір мүшесі — шетел азаматы. Олар шамамен 2 мыңға жуық (1 882) ақбөкен мүйізін арнайы жабдықталған жасырын орын арқылы заңсыз алып өтпек болған.

Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар