Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандарды бостандыққа даярдау бойынша семинар ұйымдастырылды
- author AR-AY
- Бүгін, 20:22
- 1
Өйткені, сотты болған азаматтарға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіру, олардың «екі қолына бір күрек» табуы – күн тәртібінен түспек емес. Демек, жазасын өтеушілердің еркін өмірдегі хәл-ахуалына қазірден көңіл бөлген дұрыс. Бұл күнде дәл осы мақсатта ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды бостандыққа даярлаудың алғышарттары қарастырылуда.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде «Сотталғандарды бостандыққа даярлау» тақырыбында кезекті рет семинар ұйымдастырылды. Жиынға сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Руслан Балықбаев, босатылатын сотталғандардың еңбегі мен тұрғын үй жайларын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айсұлу Исмайлова және «Мансап» орталығы филиалының маманы Н.Алдонгаров қатысты.
Басқосу барысында жазасын өтеушілерге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары (ақылы қоғамдық, әлеуметтік жұмыстар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, бастау-бизнес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар) жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаға жөнінде нақты мағлұматтар берілді.



