Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі 90 пайызға жетті

Қазақстанда балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі 90 пайызға жетті
gov.kz
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, елімізде 3,5 миллион бала қосымша біліммен қамтылған. Оның ішінде 2,2 миллион оқушы тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып жүр.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға өсіп, екі мыңнан астам ұйымды қамтыды. Ауылдық жерлерде балалардың қолжетімділігін арттыру мақсатында 1 000 комьюнити-орталық құру жұмыстары аяқталды. Соңғы үш жылда 1 251 орталық ашылып, олар 4 200-ден астам баланы қамтыды.

2025 жылдың маусым айынан бастап спорт, шығармашылық және қосымша білім беру бағыттарын қамтитын бірыңғай ваучер жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Қазіргі таңда 600 мыңнан астам бала ваучер алды. Жоба Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектеп кітапханаларының жұмысы күшейтілді. edu.bookfund.gov.kz порталына 8 мыңнан астам мектеп пен колледж қосылып, оқырман белсенділігі 26,2%-ға артты. Мектеп кітапханаларының қоры 141 миллион данаға жетіп, 1 830 коворкинг-орталық ашу арқылы материалдық-техникалық база жақсартылды.

-2025–2026 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама «Заң және тәртіп», «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» идеяларына негізделіп, тәрбие жұмысы алты негізгі құндылық аясында жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

Бағдарлама шеңберінде барлық мектептерде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейді. Нәтижесінде ата-аналардың мектеп өміріне қатысу белсенділігі екі есеге артты. Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 82%-ы бағдарламаның кәсіби дамуға оң әсер еткенін, 84%-ы оқушылардың белсенділігі артқанын, ал 71%-ы мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың күшейгенін атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар