Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап
Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қол қойылған заңдардың толық мәтіні мерзімді баспасөз беттерінде жарияланатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлік топтар ұсталды
- авторAR-AY
- 3 қаңтар, 2026


