Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» футбол клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді
Оның айтуынша, жақын күндері ойыншыға ресми ұсыныс жасалып, келіссөздер басталмақ.
«Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», – деп жазды Дидар Сыдықбек Telegram-арнасында.
Айта кетейік, жас қақпашы бұған дейін Чемпиондар лигасында әлемге әйгілі «Реал Мадрид» клубына қарсы матчта алаңға шыққан. Кездесу барысында бес гол жіберіп алғанына қарамастан, Шерхан Қалмырза жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Келесі мақала
Заманауи ойындар – мерекенің жаңа тынысы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
21 жасқа жетпеген мыңдаған қазақстандық микроқаржы ұйымдарына қарызға кіріп кеткен
- авторAR-AY
- 30 желтоқсан, 2025




