Жиын барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, республикалық және облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинар-тренингтер аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар этносаралық қарым-қатынасты нығайту, өңірде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі әрі сапалы түрде насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, жыл бойы белсенділік танытып, Ассамблея жұмысын ақпараттық сүйемелдеуге елеулі үлес қосқан бірқатар журналисті марапаттады. Ол өз сөзінде журналистердің кәсіби еңбегі мен шығармашылық ізденістерін жоғары бағалап, олардың қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты насихаттаудағы рөліне тоқталды.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар тарапынан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысты жылы лебіздер айтылып, өңірлік журналистер мен «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері арасында қалыптасқан тығыз әрі нәтижелі әріптестік байланыс ерекше атап өтілді. Бұл өзара ынтымақтастық алдағы уақытта да ақпараттық жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететіні айтылды.
Жиын соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, алдағы жоспарлар мен жаңа бастамалар жөнінде ой бөлісті.
Айжан ӨЗБЕКОВА




