Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Заң мен тәртіп» қағидаты туралы бейнебаян жарық көрді

«Заң мен тәртіп» қағидаты туралы бейнебаян жарық көрді
Ашық дереккөз
Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.

«Біз заңға бағыну — жоғары мәдениеттіліктің және отандастарыңа деген құрметтің белгісі екенін жеткізгіміз келеді. Бұл — өңіріміздегі қауіпсіз өмірдің іргетасы», — деп атап өтті облыстық полиция департаментінің өкілдері.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар