Жаңалықтар
Қазақстандық жас қаламгерлерге Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:46
- 23
Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған сыйлық еліміздегі жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдау және ұлттық әдебиетті дамыту мақсатында беріледі.
2025 жылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаттары төмендегідей:
«Проза» номинациясы бойынша – «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбет;
«Поэзия» номинациясы бойынша – «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжанов;
«Драматургия» номинациясы бойынша – «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиев;
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша – «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегенов марапатталды.
Келесі мақала



