Іс жүзінде сот процестері көбіне орыс тілінде жүргізіледі. Себептердің бірі — кейбір заңгерлер мен судьялардың кәсіби қазақ тілін еркін меңгермеуі. Сонымен қатар, құқықтық құжаттардың сапалы аудармасының жетіспеуі де кедергі болуда.
Соңғы уақытта сот жүйесінде қазақ тілін ілгерілету мақсатында:
- Судьялар мен қызметкерлерге арналған тілдік курстар ұйымдастырылуда;
- Сот актілерінің мемлекеттік тілде жазылу үлесі артып келеді
- Электронды сот жүйесінде қазақша интерфейстер мен аударма құралдары енгізілуде;
-Қазақ тілінде іс жүргізуге ниет білдірушілердің саны өсіп отыр.
Реформалар және болашақ бағыт
Қазақ тілін сот жүйесінде кеңінен қолдану үшін бірнеше маңызды бастама қолға алынды:
-Мемлекеттік тілде құқықтық терминологияны жетілдіру. -Құжаттарды қазақ тілінде сапалы дайындайтын автоматтандырылған жүйелерді дамыту.
-Сот тәжірибесіндегі үздік қазақша үлгілерді тарату.
-ЖОО-лардағы заңгерлік білім беру бағдарламаларын қазақ тіліне бейімдеу.
Қазақ тілінің сот жүйесінде кең қолданылуы – тек тіл саясаты емес, халықтың сотқа деген сенімін арттыру жолы. Сот тілі – халық тілі болуға тиіс. Мемлекеттік тілде әділ шешім шығару – әділдік пен ұлттық бірегейліктің кепілі.
Л.И. Ильясова,
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы



