Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар енді Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстандықтар енді Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады
gov.kz
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстандық жұмыскерлердің Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналасуын реттейтін келісім ресми түрде күшіне енді. 

Құжатқа 2024 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Дохаға ресми сапары кезінде қол қойылды. 2025 жылы келісімді ратификациялау туралы заң Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында мақұлданып, 20 қазанда Президент қол қойды.

Келісім Қазақстан азаматтарының Қатарда қауіпсіз еңбек етуін, құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Онда мамандарды іріктеу, біліктілігін тексеру және еңбек шарттарын рәсімдеу тәртібі нақты бекітілген. Қазақстандық жұмыскерлерге ұшуға, тұрғын үйге, медициналық қызметке ақы төлеу, еңбек және демалыс шарттары, сыйақы, сондай-ақ шартты мерзімінен бұрын бұзған кездегі құқықтары кепілдендірілген.

Келісімнің орындалуын бақылау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қатар Еңбек министрлігінің өкілдерінен Бірлескен комитет құрылатын болады. Қатарлық жұмыс берушілер ұсынған бос орындар migration.enbek.kz порталында орналастырылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның Корея Республикасы, Сауд Арабиясы, БАӘ, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен осындай меморандумдар мен келісімдер жасау жұмысы жүргізілуде.

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша шетелде 156,7 мың қазақстандық еңбек қызметін жүзеге асырып жатыр. Ең көп қазақстандық Ресейде (128,8 мың), Кореяда (15,2 мың), Польшада (2,6 мың) және Ұлыбританияда (1,4 мың) жұмыс істейді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар