Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Мемлекеттік қызметті дамытудың жаға бағыттары»

«Мемлекеттік қызметті дамытудың жаға бағыттары»
Автор
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Копдикбаев Болат Исаханұлымен сұхбаттасып отырмыз.

– Бүгінгі таңда біздің елімізде мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары қандай?

– Мемлекеттік қызметтің кәсібилену деңгейін арттыру – мансаптық және позициялық модельдердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіретін және бәсекелестік тәсіл мен мамандардың бірегей кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін ескере отырып, оларды тікелей іздеу арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, ҚР Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаев 2024 жылдың 17 шілдесінде Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Аталған құжат қолданысқа енгізіле отырып, онда мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту тәртібі тұжырымдалған, нақты айтқанда: 

- проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру;

- мемлекеттік қызметтің гибридті моделін - мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған құралдар мен тәсілдердің прагматикалық үйлесімін пайдалана отырып, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру;

- HR-процестерді басқару және цифрландыру, олардың құралдарын мемлекеттік қызметшілердің функцияларды тиісінше және адал орындауын, оларды ынталандыруды және ұстап қалуды, сондай-ақ кәсіби тұрғыдан құлдырауға ықпал ететін жағдайлар мен өлшемшарттарды барынша азайтуды қамтамасыз ете алатын шамада ғана пайдалану.

Қазіргі әлемдік жекетші елдердің тәжірибесін талдап және  зерделей отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда.Тұжырымдамада мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тартып сервистік модельге көшу, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі трансформациялау және цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар нақты көрсетілген. Басқаша айтқанда, тұжырымдама мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған жаңашылдықтар енгізілді. Жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа біліктілік талаптары қабылданды, қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді, өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде.

Тұжырымдаманы іске асыру - мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалуды және кәсібилендіруді қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметтің ағымдағы жүйесін институционалдық қайта қарау талап етіледі. Қолданыстағы әдістерді жетілдірумен қатар, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, ресурстар мен процестерді неғұрлым нақты және мақсатты бағыттап басқаруға мүмкіндік беретін жаңа институттарды енгізу қажет, бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Айта кету керек, мұндай құжат, яғни Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы соңғы рет 2011 жылы қабылданды, алайда ол бүгінгі күні өз өзектілігін жойды. Осы тұжырымдама аясында "А" басқарушы корпусы қалыптастырылды, конкурстарға байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы бекітілді, мемлекеттік қызметшілерді міндетті бағалау енгізілді және мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды.

Тұжырымдаманың жаңа нұсқасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруда туындайтын ауқымды мәселелерді қамти отырып, қазіргі уақытта жүзеге асырылуда.

Тұтастай алғанда, Тұжырымдаманың бағдарламалық құжаттарын іске асырудан кейін, мына нәтижелерге қол жеткізуге болады, мысалы: 

1. мемлекеттік қызметшілердің жұмысына халықтың қанағаттанушылығын арттыру;

2. мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жеке сектор өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту мүмкіндіктерін кеңейту;

3. мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру;

4. деңгейлес мансаптық ілгерілеуді енгізу есебінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жаңа білім мен дағдыларды алуға қызығушылығын арттыру;

5. материалдық емес аспектілерді қоса алғанда, әлеуметтік пакетке және мотивациялық жүйеге қанағаттанушылықты арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу.

– Мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың аясында білімді әрі талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мүмкіндіктері қарастырылған ба? Сондай-ақ бүгінде жүзеге асырылып жатқан жастарды қолдау шараларына қоса тоқталып өтсеңіз.

– Қазіргі таңда бұл тәсіл конкурстық іріктеу болып табылады, ол өз кезегінде Қазақстан азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуінің Конституциялық қағидатына негізделген (ҚР Конституциясының 33-бабы 4-тармағы). Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жеңілдетілді. Ішкі конкурсқа қатысқан кезде үміткерге тек екі құжат – өтініш және қызметтік тізім ұсыну талап етіледі. Сонымен қатар, 2025 жылдың 9 айында облыстың жергілікті атқарушы органдары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлығы – 414 (оның ішінде ішкі конкурс - 151, жалпы конкурс - 263) конкурс жариялады.

Жалпы конкурсқа қатысу кезінде үш құжат талап етіледі – өтініш, білім туралы құжат, қызметтік тізім. Конкурстардың қорытындысы бойынша 302 жеңімпаз анықталды (ішкі конкурс - 84, жарайды -218). Бұл ретте, мемлекеттік қызмет істері агенттігі енгізген «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі базасында мемлекеттік қызметке іріктеуді және конкурстық рәсімдерді өткізудің жаңа форматы туралы айтып өткім келеді. Іріктеу жаңа форматындағы тәртібі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілуде.

Жаңа формат мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне барынша оңайлатылған тәсілді көздейді. Азаматтар конкурсқа тәулік бойы 24/7, алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуді қоспағанда, барлық кезеңдерде олар үшін қолайлы кез келген уақытта қатыса алады.

​Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жеке құрамының кәсібилігін, тиімділігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында қазір 3,33-GPA мәнінен төмен емес оқу нәтижесімен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды бітірген адамдар - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, тексеру комиссиясынан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және олардың елордадағы және оның аудандарындағы ведомстволарынан басқа) оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілмей уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша конкурссыз тағайындала алады.

​Сондай-ақ, GPA-3,33 мәнінен төмен емес оқу нәтижесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік грант) шеңберінде жоғары оқу орындарында оқуды бітірген адамдар, осы оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізбестен «Б» корпустың төменгі және басшы емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

​Заңның осы нормасын іске асыру мақсатында биылғы жылдың тоғыз айында жоғары оқу орындарын бітірген 21 түлегі төменгі лауазымдарға конкурссыз жұмысқа қабылданды.

– Болат Исаханұлы, жаңа бекітілген тұжырымдамада мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, тәртіптік жаза қолдану мәселелеріне қаншалықты мән берілген?

Тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік қызметті дамыту қағидаттарының бірі болып жауапкершілік және есептілік табылады, яғни азаматтар мен мемлекет алдында қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту. Жұмыста жоғары әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл.

Жалпы мемлекеттік қызметті дамыту қағидаттары (ашықтық және айқындық, меритократия,  икемділік, үздіксіз оқыту, клиентке бағдарлану, прагматизм) мемлекеттік қызметті тиімдірек, қолжетімді, қоғамның қажеттіліктеріне бағдарлай отырып, оны одан әрі дамытудың және жаңғыртудың негізі болады. ​Одан бөлек, заңнамада тәртіптік жауапкершіліктің негіздері, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды бір мезгілде ескеруге мүмкіндік беретін икемді тәсілдер айқындалады, бұл мемлекеттік қызметшілерді заңсыз жазалардан қорғауды қамтамасыз етеді және олардың бастамашылығын ынталандырады.

Сонымен бірге, егер алдыңғы жазаның қолданылу мерзімі аяқталмаса және ауырлататын мән-жайлар болмаса, тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдерін саралау, теріс қылықтардың мән-жайларын бағалаудың икемді жүйесін енгізуге тәртіптік жазалармен байланысты емес құқықтық құралдарды қолдану, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тәртіптік жаза қолданбау құқығын беру жоспарлануда.

Сондай-ақ, егер қызметшілердің мінез-құлқы мен әрекеттері мемлекеттің, азаматтардың, ұйымдардың мүдделеріне нұқсан келтіру қаупінің алдын алуына байланысты болса, мұндай қауіп басқа жолдармен жойыла алмаған жағдайда, қызметшілерді тәртіптік жауапкершіліктен босату шарттары айқындалатын болады. Қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі көрсетілген саяси сенім мен осындай кандидатты жауапты лауазымға ұсыну жөніндегі бастамамен тікелей байланысты болады.

– Ал осы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстарының нәтижелері қандай? Қысқаша тоқталып өтсеңіз.

– Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпыну келтіру Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі. Мәселен, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаулардың нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаларының күші жойылды, сәйкесінше олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 187 қызметшіге қосымша 228 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ сыйлықақы беру кезінде заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелерімен 134 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 200 000 теңгегетиісті өсімпұл соммалары төленді (іссапар шығындарын және еңбек демалыстарын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін). Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту бойынша жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 33 мемлекеттік қызметшісі тиісті оқудан өтті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

– Агенттік және оның аумақтық департаменттері жұмысының басым бағыттарының бірі болып мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғау табылады. Сіз басқарып отырған Департамент тарапынан осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.  Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағдайларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында орын алады. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады. Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау,  қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда. Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – ОМО АБ), 11 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО), мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік органдармен барлығы 373 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде 197  ОМО АБ-мен, 176 ЖАО.

​- Мемлекеттік органдар тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 10 653 654 қызмет көрсетілді.

​- Оның ішінде: баламалы қағаз түрінде -263 178 (2,5%).

​- электрондық түрде-10 370 882 (97,4%) қызмет.

​- қағаз түрінде 19 594 (0,2%) қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері мен шағымдары негізінде тексеру, сондай-ақ профилактикалық бақылау, талдау, мониторинг нәтижелері және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүргізіледі. 2025 жылдың есепті кезеңінде Департаментпен барлығы 18 бақылау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жоспарлы тексеру- 9. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жалпы 1945 заң бұзушылық анықталды. Аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 18 ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдеріне мониторинг жүргізу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімдері мен бас тарту үшін негіздердің сақталуын мониторингтеу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан жүргізіледі, бұл тиісті шараларды проактивті нысанда, яғни көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдарды күтпей қабылдауға мүмкіндік береді. Мониторинг қорытындысы сәйкес 2809 бұзушылық анықталып, Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға ұсынымдар жлданылып 74 қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте, қазіргі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылғанын атап өткім келеді. Осылайша жоспарлы тексеру барысында 31 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында 6 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізілді.  Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз. Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар