Форум қатысушылары білім беру жүйесіндегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, республикалық деңгейде өткен онлайн форумға қосылды. Онда Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова құттықтау сөз сөйлеп, академиялық адалдықты нығайту бағытындағы маңызды бастамаларды атап өтті.
Сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбековтың «Академиялық адалдық лигасына мүше болудың университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі мен беделін арттырудағы стратегиялық рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Форум нәтижесінде меморандум мен жол картасына қол қойылды.
Іс-шара барысында білім берудегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мәселелері қызу талқыланды. Қоғамда адалдық қағидаттарын ілгерілетуге үлес қосқан білім саласының өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері және БАҚ қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Форум жұмысы «Орта және техникалық білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты нығайту жөніндегі басқарушылық шешімдер» атты мазмұнды панельдік сессиямен жалғасын тапты.
Айжан ӨЗБЕКОВА



