Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мол мүмкіндік сыйлаған медиа жоба

Мол мүмкіндік сыйлаған медиа жоба
Автор
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №66 орта мектепте «МектепLIFE» медиа жобасының таныстырылымы өтті.

Іс-шараны мектеп директоры Фарида Шортанбекова ашып, Президенттің бастамасымен салынып, пайдалануға берілгеніне бір жыл толған мектептің толайым жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ мұғалім Қарлығаш Абдірахманова басқаратын «МектепLIFE» медиа жобасының маңызына тоқталды.

– Бүгінгі қоғам ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, медиа саласының маңыздылығы мен жастардың цифрлық кеңістіктегі белсенділігінің артуымен сипатталады. Мұндай жағдайда оқушылардың ақпаратты дұрыс қабылдау, талдау, сұрыптау, шынайы дереккөздерді ажырату, өз ойын сауатты жеткізу сияқты қабілеттерін қалыптастыру – заман талабы. Осы қажеттіліктерді ескере отырып құрылған «МектепLIFE» медиа жобасы – білім беру мекемесі үшін жаңа деңгейдегі кешенді шығармашылық алаң. Жоба жас тілшілерді, болашақ журналистерді, операторларды, режиссерлерді, спикерлер мен медиа саласына қызығушылық танытқан барлық оқушыларды біріктіретін орталыққа айналмақшы. Бұл студияны мектебімізге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сыйға тартқан еді. Енді сол сыйлықтың рәтін оқушы балалар көріп отыр, – деді мектеп директоры.

Іс-шара барысында облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт, облыстық «Jambyl» телеарнасы бас директорының орынбасары Айбол Қараш, «Taraz-24» телеарнасының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Зарина Қуатова, облыстық «Aq Jol»газетінің аға тілшісі, ақын Есет Досалы сөз алып, бүгінгі цифрлық дәуірде мұндай жаңашыл жобалардың берері көп екеніне тоқталды.

Ал жоба жетекшісі, ақын Қарлығаш Қуанқызы «МектепLIFE» медиа жобасының көп жастың талантын шыңдайтын ұстахана боларына сенім білдіріп, сол бағытта аянбай еңбек ететінін атап өтті.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар