Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

10 мыңға жуық тұрғын кеңес алды

10 мыңға жуық тұрғын кеңес алды
Автор
Қордай ауданында облыстық полиция департаментінің «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені аясында аудан әкімдігі, прокуратурасы және полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен кең көлемді форум өтті.

Іс-шараға мектеп және колледж директорлары, педагогтар, психологтар, ата-аналар комитетінің мүшелері, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Форумда аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков сөз сөйледі.

Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов құқық қорғау органдары мен тұрғындардың өзара ықпалдастығының маңызын атап өтті.

«Qazaqstan Dauiri» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы құқықтық мәдениет тек заңмен ғана емес, қоғамның оған деген көзқарасымен қалыптасатынын айтты.

– Күшті қоғам – заңға формалды емес, саналы түрде қарайтын қоғам. Құқықты құрметтеу – тұрақтылық пен дамудың негізі, – деп атап өтті ол.

Керуен жұмысы барысында тұрғындар мамандарға түрлі өтініштерімен жүгініп, заң аясында нақты кеңестер алды. Масаншы ауылында өткен қабылдауға келушілер қатары көп болды.

Тұрғындар көп жиналып, белсенді қатысты. Көпшілік құқықтық мәселелер, әлеуметтік кепілдіктер, жер мәселелері және әкімшілік рәсімдер бойынша жүгінді.

Жалпы, «Заң мен тәртіп» керуені облыстың үш ауданын қамтып, 10 мыңға жуық тұрғынды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етті.

Мұқағали ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар