Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды

«Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
Автор
«Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Көшбасшылар мектебі» жобасының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» бейне көрсетілімен басталып, облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашевтің алғы сөзімен ашылды.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев этнос жастарының белсенділігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар серіктес университеттер мен колледждерге «Студенттік Ассамблея» ашылғаны туралы куәліктер, белсенді жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен өзінің атынан алғыс хаттар табыстады.

Бұдан өзге белсенді жастар жиынында облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Евгений Кравчук «Ұлы дала аңыздары аниме», «Этнокрокодил» жобаларын таныстырды. Өз кезегінде аталмыш жобалар жастар тарапынан қолдау тауып, оң бағаланды.

Жобаның ашылу рәсімі «Достық» жастар театрының «Жаралы гүлдер» қойылымымен және жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ашылу салтанатынан кейін жастар «Жамбыл облысы Әйелдері Күштері Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Әмина Қайназарованың «Көшбасшылық құралы ретінде көпшілік алдындағы коммуникация» және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Умаровтың «Қоғамдық жұмыс жастарға арналған әлеуметтік лифт ретінде» тақырыптарындағы семинар-тренингтерге қатысты.

Жобаның екінші күні психолог, магистр, мотиватор-тренер Тілеухан Бақдәулеттің тиімді тыңдап, сендіре сөйлеу туралы семинар-тренингімен басталды.

Жастар бұл күні де мобилограф, контент-мейкер Розмат Ергешовтың «Контент тілін меңгер: жастардың жаңа мүмкіндігі» тақырыбында семинар-тренингіне қатысты.

Екі күндік жобаның нәтижесі қатысушыларға сертификаттар табыстаумен түйінделді.

Белсенді жастар ары қарай «Қарахан», «Айша бибі» және «Тектұрмас» кесенелеріне саяхат жасап, тағылымға толы тарихымен танысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің Жамбыл жеріне арналған екі күндік сапарының соңы тарихи-мәдени орындарды тамашалаумен өз мәресіне жетті.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар