Алғашқы кездесу Гродеково ауылында өтті. Іс-шараға облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің өкілі Сабри Асанов қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жұмысы, «Лидерлер мектебі» жобасының жай-күйі, Студенттік Ассамблеяның тыныс-тіршілігі, жастардың белсенділігі және шығармашылық патриотизм тақырыптары талқыланды. Жастардың көшбасшылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарасты қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және белсенділікке ынталандыруға бағытталған жиында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Екінші кездесу Жалпақтөбе ауылында өтті. Басқосуға жастармен бірге әр этностың аға буын өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері де қатысты. Жиында Тараз қаласы, Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев пен облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев сөз сөйледі.
Басқосуда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары, жастардың жарқын бастамалары, оларға берілетін мүмкіндіктер әңгіме арқауына айналды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға тастады.
Ольга МАКАРОВА,
«Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері




