Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлері күн сайын саптық тексерістен өтеді.
Оның барысында ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуы назарға алынады.

Сондай-ақ мұнда қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының тиісті талапқа сәйкес келуі мұқият тексеріледі. Ал анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында отбасы қауіпсіздігіне арналған республикалық форум өтті
- авторAR-AY
- 20 ақпан, 2026




