Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Андрей Самарин Сурдлимпия ойындарында Қазақстанға 7 алтын әкелді

Андрей Самарин Сурдлимпия ойындарында Қазақстанға 7 алтын әкелді
gov.kz
Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль иеленді, деп хабарлайды arainfo.kz

67 келі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ирандық Мехди Бакшыны 11:1 есебімен ойсырата жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ақтық сынға дейін де Андрей өте жоғары деңгейде өнер көрсетті: алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тумасы. Жасы – 21-де. Ол – 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия–Тынық мұхит ойындарының жеңімпазы.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының жалпы медаль қорын 14-ке жеткізді. Оның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 5 қола бар.

Айта кетейік, биылғы Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Токио қаласында өтуде. Бұл – есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған ең беделді төртжылдық халықаралық жарыс. Байрақты бәсекеде 81 елден келген 3000-ға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша 209 жүлде жиынтығын сарапқа салуда. Қазақстаннан 8 спорт түрі бойынша 78 спортшы қатысуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар