Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

61 мың гектар жер қайтарылды

61 мың гектар жер қайтарылды
Автор
Облысымызда жер ресурстарын қорғау, жер телімдерін бөлу және игеру, бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауылдық елді мекендердің жайылымдық инфрақұрылымын жақсартуға, шаруа қожалықтарының жерге қолжетімділігін арттыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін күшейтуге оң әсерін тигізіп отыр.

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов баспасөз мәслихатын өткізіп, осы жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, есепті кезеңде аудандар тарапынан мал басы тіркелмей игерілмеген жерлерге шара қолдану бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне 419,3 мың гектар жердің құжаты жолданған.

– Қазіргі таңда 53 мың гектары игеріле бастады, 31,5 мың гектар жердің қайтыс болғаны анықталды. Бұл жерлерді Азаматтық кодекстің 242-бабына сәйкес 1 жылға иесіз мүлік ретінде есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 128,7 мың гектар жер департаменттің өндірісінде. Қалған 131,2 мың гектар жердің меншік иелері ауысқан. Аталған жерлерді аудандар тарапынан жаңа меншік иесін көрсете отырып қайта жіберу жұмыстары жүргізіледі. Пайдаланылмай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жыл соңына дейін мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берілген болатын. Облыста биылғы жоспар 90 мың гектар болып бекітілсе, бүгінгі күнге 61 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу және Шу аудандарында конкурс өткізіліп, 14,2 мың гектар жер ауылшаруашылығы айналымына қайта енгізілді. Елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жайылымдарын кеңейту мақсатында бос жатқан 403,5 мың гектар жайылым жер таңдалып, аудандық мәслихаттармен 161,1 мың гектар бекітілді. Ал 242,4 мың гектар жайылым алқабына жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес қосылған жерлерді жергілікті мәслихат шешімдерімен бекіту қажет. Аталған тапсырманы 2026 жылдың маусым айында аяқтау міндеті тұр, – деді Данияр Құттыбайұлы.

Сондай-ақ басқарма тарапынан «Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану жоспары мен схемасы қайтадан 5 жыл мерзімге бекіту жүргізіліп жатыр екен.

Қазіргі уақытта 9 ауданда (Меркі, Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай) аудандарында бекітілген. Байзақ ауданында жайылым пайдалану схемалары жасалып, аяқталуда. Кәсіпкерлік мақсатта жерлерге сұранысты қанағаттандыру бойынша жоспар бойынша 160 учаске шығарылуы қажет болса, 9 айдың қортындысымен 117 учаске шығарылып, 382,2 миллион теңгеге бағаланып сатылған.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар