Елу жылдан аса тарихы бар Жаңатас қаласының жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде елді мекендердің жер көлемі 2,5 мың гектар. Халық санағы бойынша бүгінде тұрғындар саны 25 635 адамға жеткен, қаладағы саяси және конфессияаралық ахуал тұрақты. Этномәдени орталықтар қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда. Қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы халық пен жұмыс орындарының санына тікелей әсер ететіні анық.
– 2025 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімдерінің құны 68,3 миллиард теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2 миллиард теңгеге артты. Бүгінде қалада 18 шаруа қожалық белсенді жұмыс істейді. Бұл шаруа қожалықтар 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мал саны 420-ға өсті. Қазіргі таңда 5 шаруа қожалық асылтұқымды шаруа қожалық мәртебесін алған. 1 шаруа қожалық 90 асылтұқымды мүйізді ірі қара және 4 шаруа қожалық 3664 қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіруде. Қала тұрғындарына мал жаю үшін 4,5 мың гектар жайылым жер бекітіліп берілді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында 2 әлеуметтік дүкен қызмет атқарады. Жыл басынан бері қаламызда 13 мәрте азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Биыл 3,8 миллиард теңгеге жалпы 31 жоба әзірленген. Оның ішінде 27 жоба қолдау тауып, құрылыс жұмыстары атқарылды. Жаңатас қаласы бойынша 4 инвестициялық жоба нақтылануда. Кәсіпкерлік саласы бойынша бүгінде 1953 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр, – деді спикер.
Аталған кәсіпкерлік субъектілер 2 984 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.
– Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 1 462 азамат тіркелген. Үйсіз жүргендерді баспанамен қамту мақсатында 5А ықшамауданынан 191,5 миллион теңгеге 2 үй сатып алынып, тізімде тұрған тұрғындарға берілді. Инфрақұрылым жүйелеріне тоқталар болсақ, ұзындығы 61,2 шақырым болатын 76 көшенің 42-сі толық асфальтталған. Қалған 34 көшені газ құбырлары жүргізілген соң орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. 68 көшеге жарық орнатылған. 2026 жылы 8 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Сонда Жаңатас қаласының көшелері 100 пайыз жарықтандырылады. Бұрынғы саяжайларды қоспағанда барлық 104 көпқабатты және 1 676 жеке сектордағы тұрғын үйлерге ауызсу және кәріз жүйелері тартылған, – деді Ілияс Домалақов.
Әкім әр мәселеге жеке-жеке тоқталып, шешімін табуға барын салатынын атап өтті. Алдағы уақытта тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ұсынылған сұрақтары қаралып, нақты шешім қабылданатынын айтты.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ



