Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Спорт саласы цифрландырылуда

Спорт саласы цифрландырылуда
Автор
Облысқа жұмыс сапарымен Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков келді. Вице-министр Тараз қаласындағы «Достық үйінің» мәжіліс залында спорт және туризм саласының өкілдерімен кездесті.

Басқосу барысында Бауыржан Рапиков спорт саласын дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды.

– Қазіргі таңда спортпен және денешынықтырумен шұғылданатындар саны 8,4 миллионды құрайды. Ол халықтың 41,4 пайызы, ауылдық жерде – 3,1 миллион адам. Бұл көрсеткіш Жамбыл облысында 41,9 пайызға жеткен. Тағы бір негізгі мақсаттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру. Халықтың 1 000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 55,1 пайызды құрайды. Астана қаласында Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталуға жақын. Университет тек оқу орны ғана емес, сонымен бірге көпсалалы спорт және ғылыми орталық болады. «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Сонымен қатар басқару вертикалін қалпына келтіру мақсатында өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Басқарма басшыларын тағайындау министрлік жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда комиссия 14 басқарма басшысын тағайындады. Бұдан бөлек, Президент спорт резервін әзірлеу ісінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде тапсырма берген болатын. Спорт саласын цифрландыру жұмыстары да – басым міндеттердің бірі. Денешынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында пилоттық режимде негізгі 3 модуль іске қосылды. Жүйені толық енгізу 2026 жылға жоспарланған, – деген вице-министр жиын барысында туризмды дамыту, спорт саласын цифрландыру, спорт нұсқаушыларының айлық-жалақысын көтеру туралы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен бірге БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингке қатысып, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар