Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл 42 875 жұмыс орны ашылады

Биыл 42 875 жұмыс орны ашылады
РСК
Биыл облыста өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында барлығы 42 875 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазірге дейін 4 847 жұмыс орны құрылып, меже 11,3 пайызға орындалыпты. Бұл жөнінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері мансап орталықтарына 6 099 жас жүгініп, 1 947-сі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған. «Еnbek.kz» ақпараттық жүйесінде 14 442 тұрғын тіркелген. Оның ішінде жастар саны – 4 728. Өзге 5 394 азамат жұмысынан айырылып, жәрдемақы алғандар тізімінде екен.

– Есепті кезеңде өңірдегі субсидияланатын жұмыс орындарына 741 адам тартылып, жоспарланған 8 045 көрсеткіштің 9,2 пайызы орындалды, сондай-ақ бұл бағытта 7,4 мың өтінім бекітілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының әр 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыстық жоспар биыл 6 750 жұмыс орны болып белгіленген еді. Бүгінгі таңда осы бағытта 1 396 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық меже 20,7 пайызға орындалып отыр. Халықты жұмыспен қамтудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде әлеуметтік осал топтарға жататын 7 санаттағы азаматтарға өз кәсібін ашуға көмектесетін қайтарымсыз гранттар беру көзделуде. Биыл бұл бағыт бойынша облыс көлемінде 820 адамға қолдау көрсету жоспарлануда. Айта кетерлігі, биылдан бастап грант алуға ниеттілерден құжат қабылдау үдерісі толықтай автоматтандырылған жүйеге көшірілді. Сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру және оларға жаңа мамандық иеленуге мүмкіндік беру мақсатында жыл соңына дейін 1 085 адамды кәсіптік оқытумен қамтып, кейіннен тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде 750 азамат арнайы білім беру ұйымдарында білім алса, 335 адам тікелей жұмыс берушілердің базасында оқытылады. Қазіргі таңда әрбір білім алушыға шәкіртақы төлеу және оқу құнын белгілеу бойынша тиісті ұйымдастыру шаралары белсенді жүргізіліп жатыр, – деді С.Төрегелдиев.

Бұдан бөлек «Skills Enbek» порталы арқылы онлайн оқыту бағыты бойынша 2 820 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі таңда 725 адам оқуға жолданыпты. Оның ішінде 121 жас арнайы сертификатқа ие болған. Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасы аясында оқытуға жоспарланған 4 375 адамның 593-і жолдама алып, оның ішінде 173 жас оқуын сәтті аяқтапты. Жалпы жаңа мамандық иеленемін деушілерге барлық мүмкіндіктер қарастырылған, курстардың ұзақтығы орташа есеппен 37-40 сағатты құрайды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де жұмыспен қамтудың маңызды бағыты болып қала береді. Биыл басқарма тарапынан 15 мыңнан астам жұмыссыз азаматты қамтитын 120 жәрмеңке өткізу жоспарланса, бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы мен аудандық мансап орталықтарының ұйымдастыруымен 20 іс-шара өткізіліп, 278 адам жұмысқа орналасыпты. Атқарылған жүйелі шаралардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, бірінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр екен.

Серіжан ТЕМІРБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар