Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сурдлимпиада ойындарында 12 спортшымыз бақ сынауда

Сурдлимпиада ойындарында 12 спортшымыз бақ сынауда
Автор
Жапонияның астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында облысымыздан 7 спорт түрі бойынша 12 спортшы ел намысын қорғауда.

Олардың қатарында еркін күрестен Ғабит Есжанов, Ғасыр Тұрғынбай, грек-рим күресінен Абзал Досжанов, дзюдодан Айдос Түгелбаев, Анна Краморова, Фериде Кара-оглы, Эвелина Егембердиева, таеквондодан Олжас Рысжанов, Мәди Сейсенбаев, жүзуден Софья Закутняя, жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова және үстел теннисінен Күлжамилә Әділова бар.

Сурдлимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің Мемлекеттік Туын ұстап шығу құрметі жамбылдық спортшылар – Айдос Түгелаев пен Анна Крамороваға бұйырды.

Ел намысын қорғап жатқан саңлақтарымыз байрақты бәсекені сәтті бастады. Жекелей сайыс нәтижесінде дзюдодан 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Анна Краморова қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделердің бірін салды.

Командалық сындарда да жамбылдық дзюдошылар жарқырай түсті.

Қазақстан ерлер құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальды жеңіп алды. Бұл құрамда жамбылдық Айдос Түгелбаев өнер көрсетті.

Әйелдер құрамасы жоғары деңгейдегі шеберліктің арқасында күміс медальға ие болды. Тұғырдан көрінген команда сапында жамбылдық спортшылар Фериде Кара-оглы мен Анна Краморова бар.

Айта кетейік, 15-25 қараша аралығында өтетін Сурдлимпиада ойындарына 81 елден 3 000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша сынға түсуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар