Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда рұқсатсыз видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда рұқсатсыз видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін
istockphoto.com
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде пранктер мен жасырын түсірілімдерге қатысты шағымдар көбейгенін айтып, рұқсатсыз видеоға түсіруге шектеу енгізу мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, бұл бағытта арнайы жұмыс тобы құрылып, кімді, қашан және қандай жағдайда түсіруге болатыны реттелмек.

«Біз ештеңені түгелдей тыйғымыз келмейді. Тек адамдарды рұқсатсыз, әр жерде бейнежазбаға түсіру жағдайларын шектеуді қалаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларды қызмет бабында түсіру — қалыпты тәжірибе. Ал пранк түріндегі видеолар немесе рұқсатсыз жасалатын жеке түсірілімдер көпшіліктің наразылығын туғызып отыр. Сондықтан бұл ережелерді талқылау қажет», — деді министр.

Аида Балаева қоғам өкілдерін де жұмыс тобына қосылуға шақырып, түсірілімнің этикалық және құқықтық шекараларын бірге анықтауды ұсынды.

Министрдің айтуынша, азаматтардан пранктер мен жасырын түсірілімдерге байланысты шағымдар жиілеген. Қазір адамдардың тіпті жай ғана серуендеп, тыныш демалуға мүмкіндігі азайған, өйткені рұқсатсыз видеоға түсіру оқиғалары тым жиілеп кеткен.

Әзірге жұмыс тобы нақты ұсыныстар дайындап жатыр. Ережелер талқыланғаннан кейін түсірілім жүргізудің бірыңғай талаптары бекітілуі мүмкін.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар