Кеште мектеп оқушылары өнер мен шығармашылықты ұштастырып, балалардың қиялын дамытуға атсалысты. Іс-шара барысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Smart» өнер мектебінің бүлдіршіндері «Адай» күйімен іс-шараны ашып, мектептің бастауыш сынып оқушылары «Кел, досымғ кітапханаға» әнін орындады.
Оқушылар әдебиет пен қиял тоғысқан «Кітап сөйлейді, өнер ойнайды» атты кітап кейіпкерлерінен көрініс көрсетті. Сондай-ақ, балалардың орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалып, «Гүлдер» би тобының өнерін тамашаланды.
Кітапхана қызметкері «Кітап сөйлейді, бала тыңдайды» атты көрмеге шолу жасап, балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудыратын қазақ ертегілері мен сөйлейтін кітаптарды, танымдық энциклопедияларды оқырмандар назарына ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz
Кеште мектеп оқушылары өнер мен шығармашылықты ұштастырып, балалардың қиялын дамытуға атсалысты. Іс-шара барысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Smart» өнер мектебінің бүлдіршіндері «Адай» күйімен іс-шараны ашып, мектептің бастауыш сынып оқушылары «Кел, досымғ кітапханаға» әнін орындады.
Оқушылар әдебиет пен қиял тоғысқан «Кітап сөйлейді, өнер ойнайды» атты кітап кейіпкерлерінен көрініс көрсетті. Сондай-ақ, балалардың орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалып, «Гүлдер» би тобының өнерін тамашаланды.
Кітапхана қызметкері «Кітап сөйлейді, бала тыңдайды» атты көрмеге шолу жасап, балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудыратын қазақ ертегілері мен сөйлейтін кітаптарды, танымдық энциклопедияларды оқырмандар назарына ұсынды.




