Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біліктілікті арттыру – кәсіби өсудің кілті

Біліктілікті арттыру – кәсіби өсудің кілті
Автор
Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің мәжіліс залында «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдап, «Рухани жаңғыру» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараға дін саласында қызмет ететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, имамдар, теологтар, психологтар, сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Семинар-тренингтің алғашқы күнінде облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық-түсіндіру топтарының аудиторияға жеткізу әдісі» тақырыбында дәріс өткізді. Маман өз сөзінде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қоғамдағы орны мен маңыздылығын атап өтті.

– Қоғаммен жұмыс істегенде ең бастысы – сенім мен диалог орнату. Әрбір тыңдарманның әлеуметтік, жас ерекшелігіне қарай ақпаратты бейімдеп жеткізу маңызды. Осы арқылы ғана дін саласындағы мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруге болады, – деді Ерзат Жақыпов.

Семинар барысында қатысушылар аудиториямен тиімді байланыс орнату тәсілдерін, ақпаратты қарапайым әрі нақты жеткізу жолдарын және заманауи коммуникациялық құралдарды қолдану әдістерін үйренді.

Тренинг интерактивті форматта өтті. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп, дін тақырыбындағы ақпаратты дұрыс түсіндіру дағдыларын пысықтады. Нәтижесінде қатысушылар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған жаңа практикалық әдістерді меңгеріп шықты.

Іс-шараның екінші күнінде заң ғылымдарының профессоры, Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Кәкімжан Бишманов «Дін саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негіздері» және «Қазақстан Республикасындағы діни конфессиялар» тақырыптарында семинар өткізді. Профессордың айтуынша, қазіргі қоғамдағы діни тұрақтылық – елдің қауіпсіздігі мен бірлігінің кепілі.

Семинар барысында қатысушылар еліміздегі діни конфессиялардың қызметі, олардың өзара ынтымақтастығы мен конфессияаралық келісімнің маңызы туралы мәлімет алды. Сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық тетіктері, заңнамалық өзгерістер мен олардың қоғам өміріне әсері кеңінен талқыланды.

Оқыту бағдарламасы барысында қатысушылар дәріскерлерге сұрақтарын қойып, өз өңірлеріндегі ақпараттық-түсіндіру тәжірибесімен бөлісті.

Дәріс соңында тыңдаушылар дін саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруда мұндай семинарлардың үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Жиын соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.

Мұндай оқыту семинарлары еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасын тауып, дін саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталып отыр.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар