Бүгінде білім ошағының шатырларын, терезелерін ауыстыру, сыртқы инженерлік, ішкі электр, жылу жүйелерін жаңалау, сырлау, абаттандыру, қасбетін жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталып, ішінара кемшіліктері ретке келтірілуде. Барлық кабинеттерде сынып жиһаздары орнатылып, тазалық жұмыстары жүргізілген.
Бұдан кейін шаһар басшысы №15 мектеп-гимназияға жапсарлас салынып жатқан 300 орынды ғимараттың құрылысымен танысты. Қазіргі таңда оқу ордасында құрылыс-монтаждау жұмыстары 93 пайызға орындалған Енді ішкі әрлеу, безендіру, ішкі-сыртқы инженерлік жүйелерін жаңғырту, су, жылу, қасбеті, абаттандыру, сыртқы қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Әр мектептің құрылыс жұмыстарының барысымен жіті танысқан шаһар басшысы бірқатар сын-ескертпелер айтып, кемшіліктерді түзету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы, білім ордаларындағы жұмыстар толығымен аяқталған соң ішкі және сыртқы келбеті заманауи стилде жаңарып, сыныптар мен дәліздер, материалдық-техникалық базалары да заман талабына сай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалатын болады.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы




