Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төртінші рет әлем чемпионы атанды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:35
- 27
Қазақстанның робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025Бүкіләлемдік Олимпиадасында кезекті тарихи жеңіске қол жеткізді. Қазақстан командасы қатарынан төртінші рет әлем чемпионы атанып, бірден екі жоғары марапатты иеленді.
Биылғы жарысқа 190 елден оқушылар қатысты. Қазақстан құрамасы:
GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) – турнирдің бас жүлдесін;
ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) – инновациялық инженерлік шешімдер, техникалық шеберлік және командалық жұмысы үшін берілетін ең беделді марапатты жеңіп алды.

Қазақстан құрамасын NIS Алматы–Медеу мектебінің 9–10 сынып оқушылары:
Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасылтаныстырды. Команданың жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.
Жарыстың биылғы “Eco-Equilibrium” тақырыбы экологиялық мәселелер мен биоәртүрлілікті сақтау мәселелеріне арналды. Қазақстандық оқушылар әзірлеген робот экожүйені қалпына келтіру моделіне негізделген тапсырмаларды жоғары дәлдікпен орындап шықты.
USTEM Foundation жетекшісі Асылбек Мұрзахметовтің айтуынша, ең маңызды ерекшелік – команда құрамының жыл сайын жаңарып отыруы:
«Біздің балаларымыз төртінші рет жеңіске жетті. Бұл ретте команда құрамының ешқайсысы қайталанбағаны айрықша құнды», – деді ол.
Қазақстан құрамасын жарысқа «Дарын» РҒПО, USTEM Foundation ҚҚ, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы және Cannect.AI стартапы қолдады.
Бұл жетістік Қазақстанды халықаралық STEM-білім беру кеңістігіндегі жетекші елдердің бірі ретінде тағы бір мәрте танытты.


