Тауда қиын жағдайда қалған жасөспірімдер мен туристер құтқарылды
- author AR-AY
- Бүгін, 15:03
- 19
Алматы маңындағы Букреев шыңында 6 турист, олардың арасында екі кәмелетке толмаған қыз бала, ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болып, құтқарушылардан көмек сұрады. Түнгі уақытта нөсер жаңбыр мен қар салдарынан топ төмен түсе алмай қалған.
Құтқарушылар шақырту алған соң, нақты геолокациялық деректер болмағанына қарамастан, қажетті құрал-жабдықтарын алып, іздеу-құтқару жұмысына шықты. Таулы рельефтің күрделілігі мен көріну деңгейінің нашарлығына қарамастан, олар туристерге жетіп, қауіпсіз төмен түсіруге қол жеткізді.
Операция шамамен бес сағатқа созылды. Нәтижесінде түнгі сағат 02:00-де туристер «Елік-сай» турбазасының соңғы аялдамасына жеткізілді. Онда оларды ата-аналары қарсы алған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар тұрғындарды ауа райы болжамына назар аударып, тауға шығарда маршрутты алдын-ала жоспарлап, жаяу серуенге лайықты киім мен құралдарды қолдануға шақырады.


