«Қазгидромет» мәліметінше, бірнеше облыста қар, боран, көктайғақ және қатты жел соғуы мүмкін.
Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында
– қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Температура –13°Сшамасында болады.
Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында
– жауын-шашын, көктайғақ және қарлы боран болжанып отыр. Ауа температурасы –15°С дейін төмендейді.
Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында
– қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Температура –15°С шамасында болады.
Сонымен қатар Жетісу және Алматы облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райына мұқият болып, қажетсіз сапарларды шектеуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


