Түнде Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды arainfo.kz
Сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.2 MPV, магнитудасы 6.2 деп бағаланған.
Сезілу деңгейі төмендегідей болды:
Шымкент қаласы – 2 балл
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Келесі мақала



