Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Әдеби мұра – ұрпаққа аманат»

«Әдеби мұра – ұрпаққа аманат»
Автор
«AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат» атты әдеби кездесу өтті.

Аталмыш кешке  М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы,  әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, Қазақстан  жазушылар Одағының  мүшесі жазушы, журналист Ахмет Баймаханбет, өңірге белгілі журналист Ардақ Үсейінова және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің 3-курс білімгерлері қатысты. 

Жазушының туындыларының өзегі — адамгершілік, ұлттық сана, рухани азаттық, табиғат пен адам үйлесімі, тарих пен тағдыр. Басқосуда  жазушы Жұматай Шаштайұлының қоғамдағы рухани дағдарысты, ұлттық тамырдан ажыраған адамның ішкі трагедиясын бейнелейтіндігін айтылды.

Кеш соңында білімгер жастар жазушының повесть, әңгіме, роман жанрларындағы еңбектерін атап өтті. Жұмабай Шаштайұлының мұрасы – болашаққа бағыт берер рухани байлық.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар