Қазақстан кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын дамыту мен дәріптеу бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Соңғы үш жыл ішінде ұйым Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанып, қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау туралы тарихи шешімге қол жеткізді. Бұл – қазақ ит тұқымдарының әлемдік деңгейде танылуына жол ашқан үлкен жетістік.
2025 жылы Хельсинкиде өткен World Dog Show көрмесінде қазақ тазысы жоғары марапаттарға ие болып, Қазақстанның атын халықаралық аренада танытты.

Ұлттық ит тұқымдарын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар кинологтар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды:
Серікқали Бауыржан, Дровосекова Наталья, Хардина Елена – «Құрмет» ордені
Мечковский Евгений, Болысбай Іңкәр – Президенттің Алғыс хаты
Дандыбаева Жанна – Экология министрінің Құрмет грамотасы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қайтыс болған қазақстандық әйел алты адамның өмірін сақтап қалды
- авторAR-AY
- 28 қазан, 2025


