Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көші-қон заңнамасын бұзудың 510 дерегі анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзудың 510 дерегі анықталды
Автор
Облыста заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында республикалық «Заңсыз келуші – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, көші-қон заңнамасын бұзудың 510 дерегі анықталды. 477 азамат жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, 385-і ТМД елдерінің азаматтары, ал 92-сі алыс шетелден келген. Сонымен қатар шетел азаматтарының елде болу мерзіміне қатысты талаптарды бұзуына жағдай жасаған 125 қазақстандық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 33 қазақстандық заң алдында жауап беруде. Сот шешімімен 125 шетел азаматы елден шығарылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қылмыстық істер де тіркелді. Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша екі және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген үш шетел азаматы ұсталды. Полиция шетелдік жұмысшыларды инвестициялық жоба ретінде көрсетіп, заңды айналып өткен компанияларды да тексеріп жатыр.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар