Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дрон арқылы айласын асырмақ болған

Дрон арқылы айласын асырмақ болған
Автор
22 қазан күні сағат шамамен 19:40-та облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты аралас қауіпсіздік деңгейіндегі №67 мекемесінде тыйым салынған заттарды дрон арқылы жеткізу әрекеті анықталып, заңсыздықтың жолы кесілді.

Оперативтік ақпаратқа сәйкес мекеме маңайында дрон байқалған. Осыған байланысты мекеме қызметкерлерінен жасақталған патруль дереу оқиға орнына бағытталған. Сағат шамамен 21:15-те дрон қайтадан мекеме аумағында, яғни №1 және №2 режимдік корпустардың арасында «Қазпошта» ғимараты жағынан ұшып келе жатқан сәтте көзге түскен. Дрон медициналық-санитариялық бөлім қабырғасына соғылып, ішкі аумаққа қарай төмендей бастаған кезде мекеме қызметкерлері оны дер кезінде атып түсірген.

Тексеру барысында қара түсті «FLODCbstacle avoidance DRONE» ұшқышсыз ұшу аппаратының (сериялық нөмірі өшірілген) үстінен қара түсті шұлыққа оралған және скотчпен бекітілген буманың бар екені анықталған. Оқиға орнына келген Тараз қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы буманы ашып, тексеру кезінде жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат тауыпты. Ол заттың есірткі тектес өсімдік болуы мүмкін екені болжануда. Аталған факт бейнетіркегішке жазылған. Дрон мен айғақ заттар полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалып, тиісті қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды жеткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар