Ол судьялардың қызмет барысында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да жоғары моральдық-этикалық стандарттарды сақтауын талап етеді. Судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптығы, адалдығы мен әділдігі – сот билігінің беделі мен қоғамның оған деген сенімінің басты кепілі. Сондықтан судьялар өз іс-әрекеттерінде заң талаптарын қатаң сақтап қана қоймай, мінез-құлқы арқылы сот жүйесінің абыройын түсірмейтіндей деңгейде болуы тиіс.
Сот этикасының нормалары судьялардың тараптармен қарым-қатынасында, сот процесін жүргізу барысында, сондай-ақ жеке өмірінде де сақталуы қажет. Судья кез келген сыртқы ықпалдан тәуелсіз болуға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және барлық қатысушыларға тең қарауға міндетті. Бұл қағидаттарды бұзу сот төрелігінің әділдігіне күмән туғызады және құқық үстемдігіне кері әсерін тигізеді.
Сот этикасын сақтау және судьялардың тәртіптік жауапкершілігін тиімді іске асыру – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің, сот билігінің беделін арттырудың және қоғамның сотқа деген сенімін нығайтудың негізгі шарттарының бірі.
Гүлжамал Тажиева,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы




