Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Прокуратура құқықтық көмек көрсетуге қашанда әзір

Прокуратура құқықтық көмек көрсетуге қашанда әзір
Автор
Облыстық прокуратура тұрғындар үшін әрдайым ашық болып, олардың құқықтарын қорғау мақсатында түрлі бағытта көмек көрсетіп келеді. Азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына уақытылы жауап беріліп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Жақында Сарысу ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілерін анықтады. Тарқатып айтсақ, 2025 жылғы 4 наурызда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық бірлестікпен мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау (инватакси) бойынша қызмет көрсету үшін 7 миллион теңге сомасына келісімшарт жасасқан.

Техникалық сипаттамаға сәйкес инватакси аптасына 5 күн, ал мереке күндері тек 8 сағат жұмыс істеуі керек болған. Мұндай жағдайлар қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірді.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде инватакси қызметінің кестесі қайта қаралып, заңға сәйкестендірілді. Қызметтер енді демалыс және мереке күндерін қоса алғанда тәулік бойы қолжетімді, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Байзақ ауданының прокуратурасы да таяуда еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтың жолын кесті.

«Байзақ су» мекемесінің қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлауының нәтижесінде осы жылдың маусым айында 18,2 миллион теңгеге 146 жұмысшының алдында берешек пайда болғаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жалпы биыл облыстық прокуратурның уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе қабылдаған шараларының нәтижесінде 1 213 жұмысшы алдында жалақы бойынша 41 миллион теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді.

Осылайша өңір прокурорлары 16 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады. Бұл бағыттағы жұмыс прокурорлардың ерекше бақылауында.

Сол секілді жақында Талас ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымында балаларға профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағаны анықталды.

Атап айтқанда, 2025 жылы ауданның 10 білім беру ұйымында 730 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмекке құқығын шектеу болып есептеледі.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде мемлекетке аудан мектептеріндегі оқушылардың медициналық тексерулеріне бөлінген 20 миллион теңге қайтарылды. Қазіргі таңда барлық бала толық медициналық тексеруден өтті, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.

Сонымен қатар облыстық прокуратура түзеу мекемелерінде сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Жеке істерді зерделеу барысында тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан, мекеменің ішкі тәртібін сақтауға бағытталған түрлі бағдарламаларға қатысқан, қылмыспен келтірілген зиянды өз еркімен өтеген сотталғандардың мінез-құлқының оң дәрежесін уақытылы айқындамаудың 23 фактісі анықталған.

Қылмыстық-атқару кодексінің талаптары бойынша, жазалауды даралау мақсатында сотталғанның мінез-құлқы міндетті түрде бағалануы тиіс. Алайда мекеме қызметкерлері оң мінез-құлық дәрежесін белгілемегендіктен сотталғандардың құқықтары бұзылған.

Мысалы, №58 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған Н. мекемені абаттандыру жұмыстары үшін көтермеленгеніне қарамастан оның оң мінез-құлқы уақытылы айқындалмаған. Нәтижесінде ол жазаны жеңілдету туралы өтінішхат беру мүмкіндігінен шектеген. Прокуратура қадағалау актісін енгізді, қазіргі уақытта қаралу барысында. Қазіргі таңда құқықтары қалпына келтірілген сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхат беру құқығын пайдаланды.

Сондай-ақ жақында облыстық табиғатты қорғау прокурорлары шетелдік инвестордың құқықтарын қорғады. Прокуратураның мобильді тобы «Джон Бан МеталлПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында айыппұл сомасының дұрыс айқындалмағаны туралы өтінішін қарады.

Облыстық экология департаментінің қаулысымен серіктестікке бұзушылық кезеңі айқындалмай, ластаушы заттардың нормативтерін асырғаны үшін 34,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғаны анықталды. Прокурордың наразылығы бойынша сот әкімшілік айыппұл мөлшерін 4 есе, яғни 8,6 миллион теңгеге дейін төмендетті.

Айта кету керек, кәсіпорын қытайлық компанияға тиесілі және Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен жасалған модельдік келісімшарт негізінде инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жоба металлургиялық өндірістен шыққан мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеуді көздейді. Инвестиция көлемі 6,5 миллиард теңгені құрайды, 50 тұрақты жұмыс орны құрылды.

                                                                                               Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар