Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жедел ықпал ету шаралары жайлы не білеміз?

Жедел ықпал ету шаралары жайлы не білеміз?
polymedia.kz
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII «Азаматтық қорғау, электр энергиясы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және бірқатар өзге де салаларға бағытталған. Заңның 39-1-бабының 2 тармағына және 12-2 бабының 2-1 тармақшасында көзделген тізбеде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу жедел ықпал ету шараларын қолдануға негіз болып табылады.  Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт рәсімдейді, оны бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етеді. Сндай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде қауіпті өндірістік объектіні, қауіпті техникалық құрылғыны немесе техникалық құрылғыны пломбалауды жүргізеді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт мынадай тәсілдердің бірімен табыс етіледі:

1) қолма-қол – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіде оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

3) электрондық тәсілмен – бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберіледі.

Тексеру немесе аварияларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған, жедел ықпал ету шаралары талаптарының бұзушылықтары мерзімі өткеннен кейін немесе олар мерзімінен бұрын жойылғанда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Тексерулер жоспарлы, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулер, жоспардан тыс тексерулер деп бөлінеді.

Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілерін тексеру жылына бір реттен жиілетпей, біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан берілген рұқсаттар бойынша жоғары дәрежелі қауіп-қатерге жатқызылмағандарды – үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндіріс кешендерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша тәуекелдердің алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы қағидаларын түсіндіріп, халыққа кең ауқымды ақпарат беру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданылатын нормативтік-құқықтык актілердің тізбесі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі сайтына орналастырылғандығын және аталған әлеуметтік желіден өнеркәсіптік қауіпсіздікті саласындағы өзекті мәселелер мен түрлі ақпараттық жаңалықтарға қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылғандығын жеткіземіз.

Заңғар НҰРҒАЛИ,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының

малааралық бақылау және қадағалау

бөлімінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар