Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордай табысқа кенелуде

Қордай табысқа кенелуде
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жыл басынан бергі 9 айда аудан экономикасының негізгі салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген.

– Биыл аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Қордай ауылында 144 пәтерлі тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды. Үлкен Сұлутөр ауылында дәрігерлік амбулатория мен 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қайнар ауылында 3 800 гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге арналған қысымды су құбыры іске қосылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қаракемер және Қарасу ауылдарында жаңа мектептер оқушыларға есігін айқара ашты. Қазіргі таңда ауданның 41 елді мекенінің 90,2 пайызы табиғи газбен қамтылған. 2025 жылы Керу ауылына газ желісі жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Жалпы құны 8,6 миллиард теңгеге 10 елді мекенде ауызсу жүйелерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда 3 елді мекенде су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар 10 елді мекенге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, келешекте іске асырылмақ. Игерілмеген жерлерді қайтару бойынша да жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Жоспарланған 11 мың гектардың ішінен 4 313 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды. Мұнымен қоса пайдаланылмай жатқан 12 552 гектар жерге қатысты шаралар қабылдау үшін тиісті құжаттар жер инспекциясына жолданды. 2025 жылдың 1 тамызына дейін ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1 799 адамды құрады. Жыл басынан бері 6 056 азамат жұмыспен қамту орталығына жүгініп, олардың 3 456-сы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бос жұмыс орындарына 1 773 адам тұрақты түрде орналастырылды. 2019 жылдан бастап Қордай ауданында пилоттық жоба ретінде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде нақты нәтижесін беріп отыр. Аталған жоба шеңберінде 3,3 миллиард теңгеге 6 315 ірі қара, 11 845 қой, 386 жылқы сатып алынды. Сонымен қатар 7 өндірістік кооперативке 27 техника мен құрал-жабдықтар берілді, – дейді Бегзат Сейсенқұлұлы.

Жиын соңында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар