Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Берері мол басқосу

Берері мол басқосу
Автор
Жақында Тараз қаласында «Respublica» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Болашақтың бизнесі: жаңа мүмкіндіктер мен трендтер» атты ауқымды бизнес-форум өтті. Іс-шараға 500-ге жуық кәсіпкер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, салалық сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – өңірлік кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу алаңын құру және жаңа экономикалық жағдайдағы бизнестің заманауи мүмкіндіктерін айқындау.

Басқосу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған басым бағыттар кеңінен талқыланды. Сарапшылар жасанды интеллектіні бизнесте қолданудың маңыздылығына ерекше тоқталып, цифрлық шешімдердің тиімділігін нақты мысалдармен көрсетті.

Форум «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өтті. Іс-шара бағдарламасы ұлттық рух пен инновациялық ойды үйлестірген мазмұнымен ерекшеленді. Форум алдында қатысушыларға арналған ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, онда киіз, зергерлік, тоқыма өнері және ұлттық тағамдар үлгілері ұсынылды.

Сағат 14:00-де форумның ресми ашылуы өтті. Алғашқы сөзді «Respublica» партиясы облыстық филиалының төрайымы Айнұр Келімбетова алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал форумның алғашқы спикері, «Respublica» партиясының тең төрағасы және «Shonbay Inc» компаниялар тобының негізін қалаушы Қуаныш Шонбай болды. Ол кәсіпкерлерге жаңа экономикалық жағдайда бейімделу мен инновациялық ойлау мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, қазіргі заман кәсіпкеріне қажетті басты құндылықтар жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, Тараз жұртшылығының жылы қабылдауына алғысын білдіріп, партияның құрылу кезеңінде жамбылдық кәсіпкерлер мен қоғам өкілдерінің белсенді қолдау көрсеткенін жеткізді.

Келесі спикер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова бизнестегі әйелдердің белсенділігін арттыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде пікір білдірді. Бұдан кейін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының облыстық филиалының директоры Мұғазан Қаңлыбаев қордың аймақтағы жобалары мен кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық құралдар туралы баяндады.

«Re.Women» әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы және төрағасының орынбасары Айдана Тоғызбаева өз сөзінде әйел кәсіпкерлердің қоғамдағы рөлі мен әйелдер бизнесінің әлеуметтік маңызы жайлы ойын ортаға салды. Ол сонымен қатар «Respublica» партиясы әйелдер кәсіпкерлігіне ерекше назар аударатынын және осы бағытта нақты бастамалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Форумда сондай-ақ кәсіпкер Шерзод Бабаев «Автоматизация бизнес процессов через ИИ» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект арқылы бизнес үдерістерін оңтайландыру тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпкер, «Romantic» және «8Mart» гүл орталықтарының бас директоры Гүлзат Ізбасарова болса гүл бизнесіндегі заманауи трендтер мен тұтынушылық мәдениеттің өзгерісі туралы мол мағлұмат берді. Гүлзат ханым өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, брендті қалыптастыру мен клиентпен тұрақты байланыс орнатудың маңызы жайлы айтып берді.

Спикерлердің сөзінен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша нақты кеңес алып, тәжірибе алмасты. Форум соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушылар бейресми жағдайда пікір алмасты.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Re.Women» қауымдастығының белсенді мүшелеріне облыстық мәслихаттың депутаты Нұрсұлтан Темірхан алғыс хаттар табыстады. Бұл сәт әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы еңбегіне деген жоғары құрметтің көрінісі болды.

Форумнан кейін өңірлік дизайнерлердің сән көрсетілімі өткізіліп, қатысушы қыздардың барлығына гүл шоқтары сыйға тартылды.

Жалпы алғанда «Болашақтың бизнесі: жаңа мүмкіндіктер мен трендтер» бизнес-форумы Жамбыл өңірінің кәсіпкерлері үшін маңызды платформаға айналды. Бұл жиын инновация мен дәстүрді ұштастырып, жасанды интеллект дәуірінде аймақтық бизнестің жаңа даму жолдарын айқындады. Форумда айтылған идеялар мен ұсыныстар алдағы уақытта өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге серпін беретіні сөзсіз.

Сонымен қатар, форум барысында қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды, тәжірибе алмасып, жаңа іскерлік байланыстар орнатты. Кәсіпкерлер мен сарапшылар өзара пікір алмасып, ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды. Іс-шараға қатысқан қонақтар үшін бұл форум тек кәсіби білім мен тәжірибе алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа серіктестіктер мен жобаларға бастау болған маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Айта кету керек, форумға «Re.Women» әйелдер қауымдастығының Шымкент және Қарағанды қалаларынан арнайы келген өкілдері де қатысты. Олар өз өңірлеріндегі әйел кәсіпкерлердің жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға шабыт сыйлады. Бұл өз кезегінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің біртұтас желісін дамытуға үлес қосты.

Назима ЖҰМАМҰРАТҚЫЗЫ,

«Respublica» партиясы облыстық
филиалының маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар