Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мерзімді басылымдар мерзімінде жетуі тиіс

Мерзімді басылымдар мерзімінде жетуі тиіс
Автор
2026 жылға арналған мерзімді басылымдарға жазылу науқанының басталуына орай «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының бастамасымен «Жазылушылар күні» өтті.

Іс-шара аясында аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен пошта қызметінің мамандары бас қосып, жазылым процесін жетілдіру, басылымдардың уақытылы жеткізілуі және жазылушылармен тиімді жұмыс жүргізу бағытындағы мәселелерді талқылады.

«Қазпошта» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін, заманауи материалдық-техникалық базасы бар кәсіпорын. Қазіргі таңда компания 100-ден астам қызмет түрін көрсетеді.

Бүгінгі күні облыс бойынша логистикалық маршруттар 6 күнге дейін жиілетіліп, аудан орталықтарындағы жазылушыларға басылымдар күн сайын жеткізіліп отыр. Бұл іске 11 орталық операциялық телім, 18 қалалық, 146 ауылдық пошта бөлімшесі, 4 жылжымалы пошта байланыс бөлімшесі мен 8 пошта байланыс пункті, сондай-ақ 388 пошта тасушы курьер жұмылдырылған.

Жалпы мерзімді басылымдардың, оның ішінде жергілікті газет-журналдардың таралымы тұрақты сақталып отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштердің арта түсеріне сенім мол.

Іс-шара барысында бірқатар басылым өкілі пошта қызметінің қазіргі тарифі жазылушылар үшін қолайсыз екенін атап өтті. Атап айтқанда, ҚР Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің директор – бас редакторы Жаңабай Миллионов, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Азамат Есалы, осы серіктестікке қарасты «Знамя труда» газетінің бас редакторы Людмила Мельник, «AR-AI» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков, республикалық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай, сондай-ақ «Jambyl-Taraz» газетінің бас бухгалтері Индира Тайлыбаева де аталған мәселені көтерді.

Өз кезегінде «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Дархан Асылханов бұл түйткілдер орталық аппарат деңгейінде көтерілетінін атап өтті.

А.ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар