Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2026 жылдан бастап әр азаматтың электрондық денсаулық паспорты болады

2026 жылдан бастап әр азаматтың электрондық денсаулық паспорты болады
istockphoto.com
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында электрондық денсаулық паспорттары енгізіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, негізгі элемент – осы жылдың желтоқсанында іске қосылатын Медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы. 2026 жылдан бастап азаматтар өздерінің электрондық денсаулық паспорттарына толық қол жеткізе алады.

Қазірдің өзінде жасанды интеллект КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау арқылы инсульт пен онкологиялық ауруларды анықтауда қолданыла бастады. ЖИ-дегі көмекшілер дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, нәтижелерді жедел талдауға мүмкіндік беруде.

Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлерінің жүктемесін 40%-ға азайтса, пациенттерді цифрлық сәйкестендіру 8 айда медициналық қызметтерді артық тұтынуды 6,7 млрд теңгеге қысқартқан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар