Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова ант берді

Жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова ант берді
Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды arainfo.kz

Министр Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз күш-жігері мен білімін елдің экономикалық және рухани дамуына арнап, Конституция мен заңдарды қатаң сақтауға, әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын ұстанып, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова бір апта бұрын Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар