
Елімізде жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау міндеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» жүктелген, деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша жергілікті автожолдар мен елді мекен көшелері бойынша 386 нысан сапа сараптамасымен қамтылған. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының жетекшісі сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев мәлім етті. Оның айтуынша, есепті кезеңде келісімшарт негізінде 421 шығу ұйымдастырылып, 2114 сынама алынған. Нәтижесінде, сынамалардың 986-ы немесе 46 пайызы сәйкес келмеді. Қазіргі күні оның 61 түзетіліп үлгеріпті.
– Ал республикалық желі бойынша 37 нысанға 455 инспекция ұйымдастырылып, 1068 сынама алынған. 27 сынама сәйкессіздік көрсетіп, барлығы да түзетілді. 226,9 миллионға қайта құру (переустройство) жұмыстары жасалды, – деді Жұмахан Айтжанұлы.