Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйледі, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап

Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысушыларға алғыс айтып, форумның маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктің форумға қатысуын жоғары бағалап, оның идеялары цифрлық технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тоқаевтың айтуынша, Digital Bridge бүгінде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы талқыланатын маңызды пікір алмасу алаңына айналды. Соңғы жылдары форум жұмысына 67 мыңнан астам адам, 500-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысқан.

Қазақстан өз кезегінде Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар