Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс»

Президент: «Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс»
istockphoto.com
Қазақстан ЖИ саласында жаһандық жауапкершілік пен жаңа бастамаларды қолға алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні (ЖИ) тек бейбіт мақсатта пайдалану қажет екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ЖИ әскери салада, кибершабуылдарда немесе халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда қолданылмауы тиіс.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қазақстанның ЖИ басқару жөніндегі жаһандық диалогқа белсенді қатысуға дайын екенін растады. Сонымен қатар ол серіктестердің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласында халықаралық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында елдің басты мақсатын айқындады: Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы керек. Осы мақсатта елде біртұтас цифрлық экожүйе құрылып жатыр.

Кеше Астанада ЖИ-ды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында білім беру мен адам капиталын дамыту мәселелері талқыланып, маңызды шешім қабылданды – Қазақстанда ЖИ саласындағы алғашқы зерттеу университеті ашылатын болды.

Бүгін тағы бір айтулы оқиға – халықаралық «Alem.ai» жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастады. Президенттің айтуынша, бұл орталық инновациялар мен тың идеялардың мекеніне айналып, ЖИ-ды этикалық нормаларға сай, адам игілігі үшін қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан екінші суперкомпьютер кластерін іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа университет пен «Alem.ai» орталығы елдің бірыңғай цифрлық экожүйесінің негізгі өзегіне айналмақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар